Қазақстан Президенті АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптады

136

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Президенті АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптады Фото: inbusiness.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады, – деп жазды Мемлекет басшысы X парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу