Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өте мықты саяси тұлға деп атады. Кремльдің ресми өкілі бұл мәлімдемені журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Песков Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путин туралы айтқан сөзіне пікір білдірді.
"Президент Тоқаев – өте мықты саяси тұлға, оның саяси ресурсы да өте ауқымды. Болашақты бағамдай алатын саяси көрегендігі, ұстанымы берік және жүйелілігі бар адамдар ғана мұндай пікірді айта алады. Басқалары олай айта алмайды", – деп атап өтті Песков.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу