Қазақстан Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды науқанына шолу

2440

Inbusiness.kz сайлауалды штабтардың жұмысн танысты. 

Қазақстан Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды науқанына шолу

Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Парламент мәжілісінің депутаты  

17 мамыр күні ҚКХП-ның республикалық сайлауалды штабында  үміткер ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясы өкілдерімен, оның ішінде миссия басшысы Уршула Гацекпен кездесті. Сайлауды штабтың басшысы, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров бақылаушыларға Коммунистік партияның жүргізіп жатқан үгіт-насихат жұмыстары және Парламенттегі заң шығарушылық жұмыс туралы айтты.

Өткен аптада штаб өкілдері өндірістік кәсіпорындарда болды. 16 мамыр күні Астана электротехникалық зауыт ұжымымен кездесу өтіп, онда штаб өкілі электротехникалық жабдықты өндіру еліміздің өнідірісінде үнемі сұранысқа ие болатынын айтты. 14 мамыр күні Степногорск "Целингормаш" машина жасау ұжымымен кездесу өтті. Кәсіпорын дирекциясы қонақтар үшін арнайы эксурссия ұйымдастырып, цехтарды аралатып, зауыт жұмысымен таныстырып, жабдықтар мен өндірілген өнімдерді көрсетті.

13 мамыр күні сайлауалды штабтың өкілдері және Ақмола облыстық ҚКХП белсенділері "Ақмола облыстық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның қызметкерлерімен кездесті.

Дания Еспаева, "Ақ жол" партиясы атынан мәжіліс депутаты 

16  мамыр күні Президенттіке үміткердің Атыраудағы өңірлік штабының өкілдері мұнай-газ өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер шығаратын "РауанНалко" кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Кездесуге қатысушылар әртүрлі сұрақтар қойды, оның ішінде бизнесті қолдау, әлеуметтік мәселелер жайы сөз болды.

15 мамыр күні Орал қаласында кандидат штабы жас сайлаушылар-студенттермен, сондай-ақ Батыс Қазақстан инновациялық университетінің, Қазақстан инновациялық және технологиялық университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушыларымен кездесті. "Ақ жол" партиясының облыстық филиалының төрағасы, өңірлік штаб басшысы Серік Мерғалиев бағдарламаның  "Бәсекелестік пен жаппай кәсіпкерлік - үнемі дамытудың негізі" атты бөлімі бойынша сөз алды. Тарих ғылымдарының кандидаты, "Қайраткер" қоғамдық қорының президенті Дәметкен Сүлейменова кездесуге келгендерді "Ұлттық тәуелсіздік" бағытымен таныстырды.

Әміржан Қосанов,  саясаткер және журналист ("Ұлт тағдыры"  атты ұлттық-патриоттық қозғалыс атынан)

16 мамыр күні демокартиялық институттар және адам құқығы жөніндегі ЕҚЫҰ бюросына ҚР Президенттігіне үміткердің республикалық штабы өкілдері келді. Кездесуге миссия басшысы Уршул Гацекте қатысты. Кездесу барысында үміткер сайлауалды платформасының негізгі бағыттары, өңірлердегі жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайлы айтты. Үміткердің сенім білдірілген адамдары 16 мамыр күні Орал қаласындағы қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйіне келді.

Өткен аптада штаб өкілдері мен кандидаттың сенім білдірілген адамдары бірқатар ауылда болып қайтты. Атап айтар болсақ, Көкшетау маңындағы Красный Яр және Нұрлыкөш ауылында болды. Сондай-ақ Қарағанды облысының Үштөбе ауылына барып, кандидат К.Маркс атындағы құс фабрикасында болып, халықтың әлеуметтік жағдайы туралы мәселелер талқыланды.

14 мамыр күні Президенттікке үміткер әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, 40 миниуттық трансляция өткізді. Тікелей эфир барысында өзінің ұстанымын түсіндіріп, саяси еркіндік туралы сөз етіп, онлайн-қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.

Төлеутай Рақымбеков, Қазақстандық ұлттық аграрлық ғылымыи-білім беру орталығының басшысы ("Ауыл" партиясы атынан)

16 мамыр күні Президенттікке үміткер Қазақ агротехникалық университетінде болып, заманауи инновациялық зертханалар мен өндірістік кешендермен танысты.

15 мамыр күні Алматыда "Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт саулығының кепілі" атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ғалымдар, аграрлар мен партия активтері қатысты.

Сонымен қатар осы күні үміткердің сайлауалды бағдарламасы Ақмола облысы фермерлеріне таныстырылды. Партия өкілдері өңір аграрларымен істі енді бастап жатқан фермерлерді қолдау, жылыжай шаруашылығын дамыту және мал фермаларын салу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ сайлауалды штаб өкілдері Степногорск қаласында болып, әртүрлі ауқымдағы қалалар маңында азық-түлік белдеулерін құрудың маңыздылығына тоқталды.

13 мамыр күні Тараз қаласында Президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінде өткен кездесуге қатысушылар аграрлық ғылым мен ауыл шаруашылығы өндірісінің байланысы жайлы сөз етті. Сонымен қатар фермерлер мен ғалымдардың инновациялық технологияларды белсенді қолдануы жайына тоқталды.

Амангелді  Таспихов, Батыс Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы (Кәсіподақтар федерациясы атынан) 

17 мамыр күні Алматыда Президенттікке үміткердің сенім білдірілген тұлғалары О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектептің ұжымымен кездесті. Сондай-ақ Алматы қалалық жергілікті "Ұстаз" кәсіподақ аудандық филиалдармен бірігіп, үміткерді қолдау үшін ЖМ №117 КММ базасында шара ұйымдастырды.

16 мамыр күні үміткердің сенім білдірілген адамы БЖЗҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушылардың ұсынысын тыңдап, оның кейбірін кандидатқа жеткізу үшін түртіп алды.

Ал үміткердің өзі 16 мамыр күні Қарағанды облысында өткен "Жастар – сенім мен серпін"  форумы аясында денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін жастармен кездесті. 15 мамыр күні "Жас келсе – іске!" атты республикалық ауыл жастарының форумы барысында жастармен кездесті.

Кандидаттың штаб өкілдері 14 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы онкологиялық орталық қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің еңбегін қорғау, медициналық мекеменің маретиалдық базасын жақсарту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның қазіргі басшысы (Nur Otan партиясы атынан)

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері 15 мамыр күні Ақмола облысында болып, кәсіпорын жұмыскерлерімен, бизнесмендермен, студенттермен және жастармен кездесті. Кездесу барысында үміткердің саясаткер және елші ретіндегі жұмыс тәжірибесі жайлы айтылды.

Сондай-ақ студенттермен кездесу өткізіліп, онда сайлауалды штабтың мүшелері үміткер бағдарламасындағы "жастар блогы" туралы айтты.

"КөкшетауМинСу" ұжымымен кездескенде штаб қызметкерлері үміткердің сайлауалды бағдарламасының негізгі үш басымдығына тоқталды.

14 мамыр күні штаб қызметкерлері Павлодардағы Достық үйінде үміткердің жақтастары этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және азаматтық белсенділермен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан электролиз зауытының жұмыскерлерімен кездесті, онда үміткердің әлеуметтік бағыттағы бастамалары айтылды. Тап осы күні республикалық штаб мүшелері бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесті.

13 мамыр күні үміткер штабының мүшелері Қарағанды облысында, соның ішінде Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болып, қала тұрғындарымен және кәсіпорын жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

Садыбек Түгел, жазушы ("Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен) 

14 мамыр күні Көкшетау қаласындағы қоғамдық келісім сарайында Президенттікке үміткердің сенім білдірілген  тұлғаларымен кездесу өтті. Кездесуге Ақмола облыстық этномәдени бірлестіктері өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Сенім білдірілген  тұлғалары жиналғандарға үміткер туралы айтып, үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

13 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Жетісу" саябағында экологиялық білім күні аясында Президенттікке үміткерді қолдауға арналған экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараға студенттер, оқушылар, спортшылар қатысты. Сенбілікпен қатар осы күні флешмоб  ұйымдастырылып, жас каратистер өнер көрсетті.

12 мамыр күні үміткер елордадағы үш түнгі клубқа қоғамдық рейдке белсенді қатысты. Үміткер жастармен өскелең ұрпақ қандай рухани қасиеттерді бағалайтыны және сабақтан, жұмыстан бос уақытты қалай өткізетіні жайлы әңгімелесті.

Еске салар болсақ, Қазақстан Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаты 11 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 18.00-де басталды және 8 маусым күні 00:00-де аяқталады. 8 маусым сайлау алдындағы "тыныш күн" болып жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау 9 маусым күні өтеді. 

Елена Тумашова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу