Қазақстан – Ресей матчының төрешісі істі болды

1598

Словениялық төреші Славко Винчич есірткімен ұсталды.

Қазақстан – Ресей матчының төрешісі істі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарының бірінде қызмет еткен словениялық төреші Славко Винчич Боснияның Биелина қаласында қамауға алынды.

40 жасар Винчич 35 адаммен бірге ұсталды. Төрешінің үйінен он тапанша, 14 пакет кокаин, белгісіз дәрі-дәрмектердің 9 таблеткасы, үш бронсауыт, бірнеше ұялы телефон мен ноутбук, сонымен қатар әр түрлі валютадағы жалпы соммасы 20 мың АҚШ доллар табылды.

Ал босниялық Sport сайтының хабарлауынша полиция Винчичтен жауап алғаннан кейін оның статусын ұсталған адам ретінде емес, куәгер ретінде қарастырды. Төреші кейіннен босатылып, келеңсіз жағдайдың құрбаны болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, 2019-жылы наурызда Винчич ЕУРО-2020 ойындарының іріктеу турнирі аясында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Ресей арасында өткен ойында төрешілік еткен. Кездесу 4:0 есебімен, Ресейліктердің пайдасына аяқталған болатын. Матч барысында словениялық бапкер қазақстандықтарға төрт сары қағаз көрсетіп, ресейлік бір ойыншыға ескерту жасаған.

Ермұхамед Мәулен            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу