"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жойды

1667

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының нормативтік қаулысында айтылған, деп жазады inbusiness.kz

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жойды Фото: google.com

Құжат мәтіні 10 қаңтар күні кешке Конституциялық соттың сайтында пайда болды.

Онда аталған органның ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсініктеме беру туралы өтініші қаралғаны айтылған. Қарау қорытындысы бойынша шешім қабылданды.

2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады", - деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, қаулыда оның қабылданған күнінен бастап күшіне енетіні, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылатыны, түпкілікті болып табылатыны және шағымдануға жатпайтыны атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу