Қазақстан шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады

249

Ұлттық құраманың көшбасшысы Бибісара Асаубаева бірінші турда ойыннан тыс қалды. 

Қазақстан шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады Фото: Спорте дамыту дирекциясы

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының алғашқы турында қарсыластарын 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлер құрамасы Гаити шахматшыларымен кездесіп, төрт тақтада да басым түсті. Қазақстан сапынан Сауат Нұрғалиев, Даниял Сәпенов, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетті.

Әйелдер құрамасы Ботсвана командасын дәл осындай есеппен ұтты. Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева қарсыластарын тізе бүктірді.

Ұлттық құраманың көшбасшысы Бибісара Асаубаева бірінші турда ойыннан тыс қалды. Ол келесі кездесулерде команда сапына қайта оралуы мүмкін.

Осылайша, Қазақстанның екі құрамасы да жарыста алғашқы екі ұпайын еншіледі. Командалар матчтағы жеңіс үшін екі ұпайдан алады, ал шахматшылардың тақталарда жинаған нәтижелері қосымша көрсеткіш ретінде есептеледі.

46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы 11 турдан тұрады. Жарыс 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2024 жылы Будапештте өткен Олимпиадада күміс медаль жеңіп алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу