Қазақстан шахмат Олимпиадасындағы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайды

329

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы шешуші кезеңде АҚШ-қа қарсы ойнайды.

Қазақстан шахмат Олимпиадасындағы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайды Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадада Грузиямен тең түсті.

– Екі команда арасындағы барлық ойын тең аяқталды (2-2). Осылайша, Қазақстан мен Үндістан әйелдер командасы 17 ұпайдан жинап, көш басында тұр. Польша мен АҚШ-та 16 ұпайдан. Армения мен Испанияда 15-тен. Біз шешуші турда АҚШ-пен ойнаймыз, – дейді Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу