Қазақстан шахматшылары Олимпиадада қос жеңіске жетті

81

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында алтыншы турдың ойындары аяқталды. Бұл турда Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қарсыластарын жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан шахматшылары Олимпиадада қос жеңіске жетті Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Әйелдер құрамасы бес кездесуде қатарынан жеңіске жеткен Әзербайжан командасымен ойнады. Нәтижесінде қазақстандық шахматшылар 2,5:1,5 есебімен басым түсті.

Қазақстан сапында Алуа Нұрман жеңіске жетсе, қалған үш партияның екеуі тең аяқталды. Осылайша әйелдер құрамасы тур қорытындысы бойынша кезекті екі ұпайды еншіледі.

Қазақстан – Әзербайжан – 2,5:1,5.

Ал ерлер құрамасы Колумбияны 3,5:0,5 есебімен ұтты. Бұл – қазақстандық шахматшылардың турнирдегі төртінші жеңісі. Бұған дейін команда бір рет жеңіліп, бір кездесуді тең аяқтаған.

Қазақстан – Колумбия – 3,5:0,5.

Алтыншы тур қарсаңында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов Олимпиадаға арнайы келіп, Бибісара Асаубаеваның партиясында алғашқы жүрісті жасады.

Енді командалар бір күндік үзіліске шығады. 11 турдан тұратын 46-шы шахмат Олимпиадасы 27 қыркүйекте аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу