Қазақстан шахматтан Батыс Азия чемпионатында 40 медаль иеленді

614

30 маусым мен 10 шілде аралығында Қырғызстанда 6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында шахматтан Батыс Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан шахматтан Батыс Азия чемпионатында 40 медаль иеленді

Жарысқа Бангладеш, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен 280-нен астам шахматшы және Халықаралық шахмат федерациясы атынан ойыншылар қатысты.
Түрлі санат және жас бойынша Қазақстан құрамасы ортақ есеппен 40 медаль жинады. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Классикалық шахмат жарысында біздің команда Өзбекстаннан ғана ұтылып, екінші орын алды. Қазақстан қорында – 4 алтын, 3 күміс және 4 қола. Сондай-ақ 6 жасқа дейінгі санатта, жарыстан тыс ойында қазақстандық жас шахматшылар 2 алтын және 1 күміс жеңіп алды.

Рапид және блиц бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте жеңіске жетті. Блицте Қазақстан қоржынында 5 алтын және 3 қола медаль бар. Сол арқылы еліміз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Рапид бойынша да топ жарып, одан барлық 14 санат бойынша 18 медаль: 7 алтын, 3 күміс және 8 қола жүлде иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу