Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді

238

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. 

Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді Фото: canva.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – қазақстандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады", - деді министр. 

Сонымен бірге, карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыштар түрлерін өндіру жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу