Футболдан УЕФА Ұлттар лигасында екінші ойынын Словения командасына қарсы өткізген Қазақстан құрамасы ойсырай жеңілді. Любляна қаласында өткен матчтың қорытынды есебі – 3:0. Кездесу алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
23 минутта Беньямин Шешко қақпашы Шацкийдің қақпадан алыстап кеткенін тиімді пайдаланып, алғашқы голды соқты.
Арада бес минут өткен соң, тағы сол Шешко қақпашының қолынан шығып кеткен допты бос қақпаға бағыттап, есепті еселеді.
Екінші таймның 63-минутында қапталдан көтерілген допқа ең жоғары секірген Беньямин Шешко Қазақстан қақпасына үшінші голын соғып, кездесудің нүктесін қойды.