Алдағы жылдары жерді қашықтықтан зондтау бойынша 5-6 спутник өндіріледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жасанды интеллект министрлігіне отандық спутниктерді өндіретін кешен тиесілі. Біз осы кәсіпорынның өндірістік қуатын белсенді түрде жүктеу жұмыстарын бастап кеттік. Алдағы жылдары жерді қашықтықтан зондтау бойынша кемінде 5-6 спутник өндірілмек. Соның ішінде экспорт көлемі 75 млн доллар болады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш ең технологиялық экспорт", – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Айта кету керек, бұған дейін Олжас Бектенов шенеуніктерге маңызды үндеу жасағанын жазғанбыз.