Алматылық колледж студенттері Францияда өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, жетістікке жетті. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.
Соның ішінде, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті Михаил Попов Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары" құзыреттілігі бойынша үздік деп танылса, Алматы қаласы "Әділет" колледжінің студенті Жанель Сағындық "Қонақ үй ресепшионисті" құзыреттілігі бойынша топ жарды.