Қазақстан Суперкубогының жаңа трофейі алғаш рет беріледі

423

Биыл жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 16 команда өнер көрсетеді.  

Қазақстан Суперкубогының жаңа трофейі алғаш рет беріледі Фото: qfl.kz

Қазақстан футбол федерациясы Суперкубок үшін жаңа трофейдің дизайнын аяқтап жатыр. Жаңартылған кубокты футбол қауымына жақын арада таныстыру жоспарланған, деп хабарлады Aman vibe телеграм арнасы.

Алғашқы болып жаңа Суперкубокқа ел чемпионатының жеңімпазы "Қайрат" пен Қазақстан Кубогының иегері "Тобыл" арасындағы матчтың жеңімпазы ие болады. Кездесу 28 ақпанда "Астана Арена" стадионында өтеді.

Суперкубок ойыны дәстүрлі түрде елдегі футбол маусымының ашылуы болып саналады. Қазақстан Премьер-Лигасының 2026 жылғы маусымы 7 наурызда басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу