Қазақстан сутегі энергетикасын игеруге басымдық береді

1310

Сутегіге қатысты ауқымды тапсырманы Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қазмұнайгаз компаниясына жүктеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан сутегі энергетикасын игеруге басымдық береді Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Қазір алдыңғы қатарлы елдердің бәрі де сутегілік нейтралдылыққа қол жеткізуге күш салып жатыр. Бүгін ол жайлы көп айтылды. Айтылғаны дұрыс та. Бұл ретте Deutsche Bank, GE, KPMG, ERG мен кеңестің басқа да мүшелерінің жасыл әрі қалдықсыз технологияларды енгізу жайлы ұсыныстары менің тапсырмаммен резолюцияланатынын атап өткім келеді. Мұндағы қатысушылардың Қазақстанның салық жүйесін одан ары жетілдіруге қатысты ұсыныстарын тыңдадым. Қатысушылар сөз сөйлеп жатқан кезде Үкіметке осы мәселемен жіті айналысуды тапсырдым. Бұл тұрғыда ешқандай текетірес болмауы керек. Біз салық жүйесін толыққанды іске асырып, саладағы жетекші елдердің тәжірибелерін терең зерттеуіміз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында.

Мемлекет басшысы Қазақстан Париж келісіміндегі міндеттемелерді ұстанатынын, сонымен бірге 2060 жылға қарай сутегілік нейтралдыққа қол жеткізуге күш салып жатқанын атап өтті. 

"Таяу арада Үкімет мүшелерімен өткен жиында мен ұлттық сауда жүйесін квотамен оңалтып, оны халықаралық жүйелермен интеграциялауды тапсырдым. Мен Ernst & Young компаниясының сутегі шығару жөнінде ұсынысын назарға алдым. Шынында да, болашақтың отынын алу технологиясын Қазақстан үйренуі керек. Бұл жұмыс басталып кетті. Оны жіті бақылауда ұстап отырмын. Энергетика министрлігіне, Қазмұнайгаз компаниясына сутегі энергетикасын – жаңа технологиялардың құрылып жатқан құзыретті орталығындағы басымдыққа ие салаларының бірі ретінде айқындауды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу