​Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

313

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

​Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Шарм-эш-Шейх қаласының маңындағы жол апаты салдарынан Қатар Әмірі Кеңсесінің қызметкерлері қаза болғанына байланысты Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниге көңілхат жолдады. Сондай-ақ Ермек Көшербаев марқұмдардың бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы үлесін атап өтті және Қазақстан Қатармен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Газа секторындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерде Катар делегациясының құрамындағы үш дипломат Шарм-эль-Шейх маңында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу