Қазақстан табиғи апаттармен күресте Түркияның дрондарын пайдаланбақ

890

​Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Түркияның Baykar компаниясының техникалық директоры және негізін қалаушылардың бірі Сельчук Байрактармен кездесті.

Қазақстан табиғи апаттармен күресте Түркияның дрондарын пайдаланбақ Фото: bluescreen.kz

Кездесуде табиғи апаттармен күресте инновациялық дрондарды пайдалану жайы талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Baykar әзірлеген ұшқышсыз басқарылатын дрондар нақты уақытта бақылау, жедел әрекет ету және төтенше жағдайларда тиімді үйлестіру мүмкіндіктеріне ие.

Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасының мәліметі бойынша, бір дрон 2020 жылдың жазында шамамен 3,5 миллион гектар орманды зерттеп, 345 орман өртін анықтап, сөндірген.

Министр ынтымақтастықты одан әрі арттыру мақсатында Baykar командасын Қазақстанға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу