Таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болып, жыл соңындағы басты турнирге жолдама алды.
Құрамамыз сапынан Бекасыл Ергеш, Нұрбек Ғазез, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев ел намысын қорғады.
Қола үшін жекпе-жекте қазақстандықтар Марокконы 2:1 есебімен жеңді. Бұған дейін жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.
Ал, әйелдер құрамасы ширек финалда Қытайға 0:2 есебімен жол берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу