Қазақстан таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды

194

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен таэквондодан "World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4" турнирінде Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды Фото: olympic.kz

Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова ел намысын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу