Қазақстан таеквондошылары командалық Әлем кубогында күміс жүлде иеленді

208

Ерлер құрамасы финалда Қытай спортшыларына жол берді.  

Қазақстан таеквондошылары командалық Әлем кубогында күміс жүлде иеленді Фото: olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшылар ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Ресей командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Ақтық сында отандастарымыз Қытай құрамасына 0:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, таеквондодан командалық Әлем кубогы 16 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу