Қазақстан Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтпақ

360

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. 

Қазақстан Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтпақ Фото: Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. 

Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға "Орталық Азия – Ресей" саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу