Қазақстан теннисшілері АҚШ құрамасына қарсы кортқа шығады

374

Әйелдер арасындағы ең беделді командалық жарыстардың бірі – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі аяқталды. 

Қазақстан теннисшілері АҚШ құрамасына қарсы кортқа шығады

Жеңіс пен намыс жолындағы тартысты додада Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ-пен күш сынасады. Бұл – оңай қарсылас емес. Америкалықтар теннис тарихындағы ең табысты құрамалардың бірі ретінде танылған.

Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан – АҚШ жұбының жеңімпазы Жапония – Ұлыбритания кездесуінде жеңіске жеткен команданы жартылай финалда күтіп тұр. Бұл тартысты бәсекеде әлемнің үздік теннисшілері кортқа шығып, өз елінің абыройын қорғайды.

Тағы бір ширек финалдық жұпта Украина мен Испания, ал екінші жағында Италия мен Қытай жолдама үшін таласады.

Финалдық кезең 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл жарыс – 2024 жылғы маусымдағы басты халықаралық командалық турнирлердің бірі болмақ.

Қазақстан құрамасы соңғы жылдары тұрақты түрде әлемдік деңгейдегі жарыстарда нәтижелі өнер көрсетіп жүр. Енді біздің қыздар тағы бір тарихи белесті бағындыруға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу