Бүгін, 14 қазан, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді. Бұл оның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары. Осы тұста inbusiness.kz тілшісі қос ел арасындағы тауар айналымын саралап көрді.
Ендеше Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымынан бастасақ.
Қазақстан экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-тамызда арадағы тауар айналымы – 286,0 млн долларға жетті.
Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 2,4 есе жоғары. 2021 жылдың қаңтар-тамызда көрсеткіш 120,6 млн долларды құраған.
2022 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстаннан Түркіменстанға экспорт 2,5 есе өсіп, 211,1 млн доллар болды.
Түркіменстанға экспорттың өсуі негізінен бидай, телефон құрылғылары, кемелер жеткізудің ұлғаюына негізделген:
Сердар Бердімұхамедов басшылық ететін елден бізге табиғи газ бен қызанақ жеткізіледі.
Биыл Түркіменстаннан Қазақстанға импорт 2,1 есе өсіп, 75,0 млн долларды құрады.
Қазақстанға қандай тауарлар импортталады?
Түркіменстаннан тартылған тікелей шетелдік инвестиция турасында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2005 жылдан бері Түрікменстаннан Қазақстан Республикасына 2,7 млн доллар қаржы тартылған.
2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Түркіменстан Қазақстанға 213 мың доллар инвестициялады, бұл былтырғы инвестиция ағынымен салыстырғанда 23%-ға аз.
Еске сала кетсек, Түрікменстан президенті Қазақстанға алғаш рет келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті мен Түрікменстан басшысы өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусым Ашхабадта ұйымдастырылған Алтыншы Каспий саммитіне Сердар Бердімұхамедовтың арнайы шақыртуы бойынша барған.