Қазақстан U-17 құрамасы Аустриямен тең түсіп, сенсация жасады

98

Екінші таймда алаңда он ойыншымен қалған футболшыларымыз Аустрия құрамасымен ұпай бөлісті. 

Қазақстан U-17 құрамасы Аустриямен тең түсіп, сенсация жасады Фото: ҚФФ

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/26 іріктеу кезеңінің А лигасында сәтті өнер көрсетті. Данияның Хельсингёр қаласында өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Ойын барысында қазақстандықтар қиын жағдайға тап болды. Матчтың 51-минутында Расул Әкімов алаңнан қуылып, команда он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, құрамамыз қорғаныста сауатты ойнап, матч соңына дейін қақпаларын голдан аман сақтап қалды.

А лигасының 4-топ ойындары 25-31 наурыз аралығында Данияда өтуде. Қазақстан құрамасының бұл топтағы қарсыластары – Чехия және турнир қожайындары Дания құрамалары.

Келесі ойында Қазақстан U-17 құрамасы 28 наурыз күні Қазақстан уақытымен 21:00-де алаң иесі Дания құрамасына қарсы ойнайды.

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Эстонияда өтеді. Сондықтан іріктеу кезеңіндегі әрбір ұпай қазақстандық команда үшін аса маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу