Қазақстан U-19 құрамасы Румынияны жеңді

112

Футболшыларымыз турнирлік кестеде өз тобында көш бастады.

Қазақстан U-19 құрамасы Румынияны жеңді Фото: КФФ

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/26 іріктеу кезеңінің элиталық раундында тамаша нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз Румыния құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, топта турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді. Кездесудің 13-минутында Абылай Төлеухан есеп ашса, 66-минутта Азамат Тұяқбаев есепті еселей түсті. 

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Украина құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты. Алайда голдар айырмашылығының арқасында қазақстандық жасөспірімдер үш ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Украина құрамасы да үш ұпай жинағанымен, екінші орында келеді. Ал Румыния мен Солтүстік Ирландия құрамалары алғашқы турдан кейін ұпайсыз қалып, турнир кестесінің төменгі сатысында тұр.

Қазақстандық футболшылар келесі ойынын 28 наурыз күні 14:00-де Украина құрамасына қарсы өткізеді. Ал 31 наурызда 20:00-де Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

Айта кетейік, элиталық раунд қорытындысы бойынша тек топ жеңімпазы ғана жазда Уэльсте өтетін жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу