Румынияның Буфте қаласында өткен Еуро-2026 іріктеуінде Қазақстанның U-19 құрамасы Украинадан 0:3 есебімен жеңілді.
Ойынның алғашқы бөлігінде қазақстандықтар басым болғанымен, 29-минутта қақпашы Шерхан Қалмырза алаңнан қуылып, матч барысы өзгерді. Ол айып алаңы сыртында қарсылас шабуылшысына қарсы ереже бұзып, тікелей қызыл қағаз алды. Бір ойыншы артық болған Украина бірінші тайм соңында есеп ашып, үзілістен кейін тағы 2 гол соқты.
Осылайша, Украина 6 ұпаймен топта көш бастады. Қазақстанда 3 ұпай бар. Енді біздің команда 31 наурызда Солтүстік Ирландияға қарсы шешуші матч өткізеді.
Элиталық кезеңге барлығы 28 құрама қатысып, 7 топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы тікелей финалдық кезеңге жолдама алады. Шешуші кезең 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтеді. Жарысты қабылдайтын елдің құрамасы бұл кезеңге тікелей жолдама алды.