Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы EURO-2027 турниріне іріктеуде қай елдермен кездесетіні анықталды

419

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы алдағы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларусь, Черногория, Босния, Кипр, Латвия, Литва, Әзербайжан, Люксембург құрамаларымен бесінші себетке түсті. 

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы EURO-2027 турниріне іріктеуде қай елдермен кездесетіні анықталды Фото: kff.kz

Іріктеу турнирінің жеребесі осы жылдың 6 ақпанында Ньондағы UEFA штаб-пәтерінде өтеді.

Нәтижесінде, 6 командадан тұратын 6 топ және 5 командадан тұратын үш топ құрылады. Албания мен Сербия 2027 жылғы Еуропа чемпионатының қожайындары ретінде тікелей финалдық кезеңге өтті. Лихтенштейн федерациясы жастар құрамасын қатыстыруға өтініш бермеді.

Жеребе тарту үшін UEFA 6 себет жасады. Олар келесідей:

1-себет: Испания, Англия, Португалия, Нидерланды, Германия, Франция, Украина, Италия, Дания;

2-себет: Румыния, Швейцария, Хорватия, Чехия, Польша, Норвегия, Бельгия, Грузия, Ирландия;

3-себет: Словения, Финляндия, Швеция, Аустрия, Словакия, Грекия, Исландия, Венгрия, Болгария;

4-себет: Шотландия, Уэльс, Израиль, Солтүстік Македония, Түркия, Косово, Солтүстік Ирландия, Фарер аралдары, Молдова;

5-себет: Беларусь, Черногория, Босния, Кипр, Латвия, Литва, Қазақстан, Әзірбайжан, Люксембург;

6-себет: Эстония, Мальта, Армения, Андорра, Гибралтар, Сан-Марино.

2027 жылдың маусым-шілде айларында өтетін Еуропа чемпионатында 16 команда ойнайды.

Оның қорытындысы бойынша 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу