Қазақстандық баскетболшы қыздар U18 Азия кубогына жолдама алды

94

Турнирде Оңтүстік Корея мен Моңғолиядан келген мамандар төрелік етті. 

Қазақстандық баскетболшы қыздар U18 Азия кубогына жолдама алды Фото: olympic.kz

27-29 наурыз аралығында Астана қаласындағы "Sana Sport" спорт кешенінде 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1-орын алып, чемпион атанды. 2-орынды Өзбекстан, 3-орынды Қырғызстан иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылдың қыркүйек айында Тайландта өтетін FIBA U18 Women’s Asia Cup турнирінде Орталық Азия аймағының намысын қорғайтын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу