banner

Қазақстан U19 құрамасы Гранаткин турниріне дайын

2067

Гранаткин атындағы жарыс Сан-Петербор қаласында 8-21 қаңтар аралығында өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан U19 құрамасы Гранаткин турниріне дайын

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында Гранаткин мемориалына дайындықты бастады. FIFA-ның құрметті вице-президенті Валентин Гранаткинді еске алуға арналған Халықаралық турнир осымен 29-рет өткелі отыр.

Бұл жарыс тұңғыш рет 1981 жылы сол кездегі FIFA президенті Жоао Авеланжаның ұйытқы болуымен Мәскеу қаласында Гранаткин қайтыс болған соң 1 жыл 2 айдан кейін ұйымдастырылған болатын. Ол кезде бар жоғы 6 команда ғана қатысқан еді. КСРО құрамасы екі командамен шықса, шетелдіктерден 4 құрама команда қатысты.

Ал 1983 жылдан бастап бұл турнирді Ленинград қаласында өткізу туралы шешім қабылданған. 1993-2000 жылдар аралығында бәсеке тоқтап қалды, кейін 2001 жылдан бастап қайта жалғасты. Тек 2004-2005 жылдары ғана кубок Мәскеу қаласында өтті, қалған жылдары үзбей Сан-Петербор шахарында ұйымдастырылып келеді.

2011 жылға дейін жарысқа 8 команда қатысып, екі топқа бөлінетін және айналым жүйесі бойынша өтті, содан соң кубоктық жүйеге көшті. 2012 жылы Гранаткин турниріне қатысамын деушілер көбейе бастады. Осы жылы 12 команда қатысуға ниет білдірді. Ал 2013 жылы құрама командалар саны 16-ға жетті. Әр жылдары бұл додада әлемге әйгілі жұлдыздар ойнағанын да айта кетуіміз керек. Мәселен Андреас Мёллер, Оливер Бирхофф, Карстен Янкер, Марсель Десайи, Игорь Колыванов, Александр Мостовой сияқты мықтылар бар.

2017 жылғы Гранаткин атындағы турнир де тартысқа толы болғалы тұр.

Желтоқсан айында өткізілген жеребе бойынша турнирдегі командалар 4 топқа бөлінді:

А тобы: Тәжікстан, Грекия, Болгария, Эстония.

В тобы: Латвия, Беларусь, Ресей, Үндістан.

С тобы: Литва, Әзірбайжан, Словакия, Қазақстан.

D тобы: Молдова, Словения, Сан-Петербор, Иран.

Қазақстан құрамасы, өздеріңіз байқағандай, "С" тобында Литва, Әзірбайжан және Словакия құрамаларымен кездеседі.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Адашбек Әбдіразанов ("Ордабасы"), Владислав Сазонов ("Ертіс"), Әли Янтижанов ("Қайрат").

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен ("Астана"), Талғат Кусяпов ("Астана"), Сағи Совет ("Астана"), Самат Бортай ("Ордабасы"), Сағадат Тұрсынбай ("Ордабасы"), Ерасыл Аманжолов ("Атырау"), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат"), Данил Кузнецов ("Ертіс"), Санжар Батырханов ("Жетісу").

Жартылай қорғаушылар: Айдос Орал ("Шахтер"), Жанәлі Пайруз ("Шахтер"), Дарын Сүйінов ("Қайрат"), Нұралы Әліп ("Қайрат"), Сағыныш Серіков ("Қайрат"), Батыр Құдайбердінов ("Ертіс"), Гаврил Кан ("Тараз"), Мұхит Жақсылық ("Ордабасы"), Әліби Тұзақбаев ("Қайрат").

Шабуылшылар: Сұлтан Астанов ("Қайрат"), Жәнібек Байтұрсынов ("Қайрат"), Марлен Айманов ("Қайрат"), Владислав Квон ("Еңбек").

Резерв: Мәди Жақыпбаев ("Астана"), Жасұлан Қайыркенов ("Астана"), Сұлтан Сағынаев ("Астана"), Еркебұлан Сейдахмет ("Монтажник"), Данил Устименко ("Қайрат"), Андрей Ульшин ("Қайрат").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу