Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады.

104

Ойынның басты қаһарманы – Азамат Тұяқбаев.

Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады.

Нидерландтың Ольдензал қаласында өткен 2026 жылғы U-19 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сенімді жеңіске жетті.

Алғашқы ойында Қазақстан Ирландияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голының авторы – “Қайрат” клубының 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаев.

Кездесудің соңын қазақстандықтар бір ойыншыға кем аяқтады. “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Карим Махаметжан екі ескерту алған соң алаңнан қуылды.

Төрт құрамадан тұратын бұл топтың матчтары Нидерландыда өтіп жатыр. Параллель өткен ойында алаң иелері Нидерланд құрамасы Кипрді 7:0 есебімен жеңді. Екінші кезеңге әр топтан екі үздік команда, сондай-ақ үздік нәтиже көрсеткен үшінші орын иегерлері шығады.

Матчтар күнтізбесі:
15 қараша, 20:00 – Нидерланд – Қазақстан
18 қараша, 23:00 – Қазақстан – Кипр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу