Қазақстан U21 Еуро-2027 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

279

"Астана Аренада" өткен матчта 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан U21 Еуро-2027 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

“Астана Аренаға” ел намысын абыроймен қорғауға шыққан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 чемпионатының іріктеу кезеңін маңызды жеңіспен бастады. Қарсылас - Андорра. 

Қорғанысқа негізделген футболымен танымал бұл командаға қарсы ойында “Қайрат” клубының жас жұлдызы Олжас Байбек мергендігімен көзге түсті. Оның соққан жалғыз голы матчтың тағдырын шешіп, Қазақстанға алғашқы үш ұпайды әкелді (1:0).

Бұл матчта Дастан Сәтпаев жастар құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол алаңға негізгі құрамда шығып, 85 минут ойнады.

Жастар құрамасын 8 қыркүйекте келесі маңызды сынақ күтіп тұр. Қарсылас Еуропаның алпауыттарының бірі саналатын Англия құрамасы. 

Қазақстан құрамасы қатысқан топта сондай-ақ Словакия, Ирландия және Молдова бар. Еуро-2027 додасына тікелей жолдаманы тек топ жеңімпазы ғана иеленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу