Қазақстан УЕФА рейтингінде төмендеді

122

Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде 34-орыннан 36-орынға түсті. 

Қазақстан УЕФА рейтингінде төмендеді

"Қайрат" футбол клубынан басқа клубтар биылғы маусымда еурокубоктік додада ел сенімін ақтай алмады. Қол жеткізілген нәтижелер УЕФА рейтингіндегі Қазақстанның жағдайына кері әсерін тигізді.

Осыған байланысты келесі маусымда еліміздің атынан Еуропа Лигасына бірде-бір команда қатыса алмайды. Себебі Қазақстан УЕФА рейтингінде 33 мемлекеттің қатарына кірмей отыр. Қазіргі таңда еліміздің алдында Ирландия, Молдова, Исландия, Армения және Косово мемлекеттері орналасқан. 

Айта кетерлігі, соңғы жылдары еурокубок жарыстарына қатыспаған Ресей құрамасы рейтингте ТОП-30 қатарында әлі де өз орнын сақтап тұр.

Алдағы маусымда Чемпиондар Лигасында дәстүр бойынша "Қайрат" командасы ел намысын қорғайды. Конференция Лигасына "Астана", "Тобыл" және "Елімай" клубтары қатысып, бақтарын сынап көрмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу