Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series-2026 турниріне дайындалып жатыр

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасы жазды.

Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series-2026 турниріне дайындалып жатыр Фото: ҚФФ

Спортшыларымыз ұлттық құрамаларға арналған жаңа форматтағы турнирде доп теппек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алдымен қазақстандық футболшылар 25 наурыз күні Намибияға қарсылас атанса, 31 наурызда Комор аралдарымен өзара мықтыны анықтайды. Бүгінде ойыншылар "Астана Арена" стадионында жаттығу жұмыстарын өткізіп үлгерді. 

Намибия футбол қауымдастығы 1990 жылы ел тәуелсіздік алғаннан соң құрылды. 1992 жылы ұйым FIFA құрамына кірді және CAF қатарына қосылды. Бүгінде Намибия құрамасы ұлттық құрамалар арасындағы FIFA рейтингінде 118-орында тұр. Олар алғашқы ресми кездесуін 1990 жылы Маврикий құрамасына қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жеңілген.

Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхамеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Сергей Малый ("Ордабасы"), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – "Қайрат"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – "Астана"), Арсен Әшірбек ("Елімай"), Мейрамбек Қалмырза ("Тобыл"), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – "Қайсар").

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов ("Елімай"), Айбол Әбікен ("Қайсар"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Дінмұхамед Қараман ("Астана").

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Оқжетпес"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – "Ахмат", Ресей), Ислам Чесноков ("Хартс", Шотландия), Жаслан Жұмашев ("Тобыл"), Иван Свиридов ("Елімай"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Нұрдәулет Ағзамбаев ("Қайсар").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу