Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневте жеңіске жетті

1977

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Молдова құрамасын жеңді. Командалардың кездесуі Кишиневте өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневте жеңіске жетті

Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Бірінші таймда Ион Николаеску Молдованы алға шығарды. Үзілістен кейін Қазақстан құрамасы есе қайтарып қана қоймай, алға шықты. Алдымен 63-минутта Сергей Малый есепті теңестірді. Араға 16 минут салып қорғаушы Вячеслав Посмак Бахтиёр Зайнутдиновтың соққысын кері қайтарам деп, өз қақпасына гол соқты.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый бүгінгі ойын жайлы пікір білдірді.

"Қайырлы кеш! Ойынның қиын болатынын білдік. Өйткені біз сырт алаңда ойнадық. Матчқа дейін қарсыласты талдап, олардың мықты және әлсіз тұстарын білдік. Ойынға көп күш жұмсайтынымызды да жақсы түсіндік. Кездесуге жақсылап дайындалдық және ойлаған нәтижеге қол жеткіздік. Енді босаңсуға уақыт жоқ. Екінші матчқа дайындалуымыз керек. Себебі әлі ештеңе де шешілмеді және біз мұны жақсы түсінеміз" - деді Сергей Малый.

Командалар қарымта матчты 29 наурызда Нұр-Сұлтанда өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша С дивизионынан шығатын команда анықталады.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші жеңіс болды. Бұған дейін қараша айында өткен жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасын ұтқан болатын (1:0).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу