Ташкент қаласында өткен жолдастық ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Кездесуде есеп ашқан Ходжимат Еркінов еді. Ол ойынның 12-минутында Игорь Шацкий қорғаған қақпаны тура көздеді. Артынша Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің соққысы қақпа бағанынан қайтты. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов есепті еселеді.
Екінші таймды Қазақстан құрамасы белсенді бастағанымен есепті өзгерте алмады. Бас бапкер Магомед Адиев алаңға бірнеше ойыншыны шығарды. Оның ішінде ұлттық құрамаға ұзақ үзілістен кейін қайта оралған Бауыржан Исламхан болды.
Біздің құрама келесі жолдастық ойынын 19 қараша күні Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өткізеді.
Өзбекстан – Қазақстан – 2:0 (2:0)
Голдар: Эркинов 12, Шомуродов 45;
Өзбекстан: Юсупов, Аликулов, Эшмуродов, Ашурматов, Саитов (Собирхуджаев 69), Сайфиев, Хамробеков, Шукуров, Тургунбоев (Урунов 69), Эркинов (Насруллаев 69), Шомуродов;
Бас бапкер: Сречко Катанец;
Қазақстан: Шацкий, Досмағамбетов (Шомко 72), Әліп, Марочкин, Малый, Габышев (Қайыров 72), Астанов, Дарабаев (Зайнутдинов 46), Тағыберген, Оразов (Исламхан 68), Айымбетов (Жақсылықов 72);
Бас бапкер: Магомед Адиев;