banner

Қазақстан ұлттық құрамасы сенсация жасады

2041

Қазақстан құрамасы Трнавада Ұлттар лигасы аясында Словакияны 1:0 есебімен жеңді.

Қазақстан ұлттық құрамасы сенсация жасады

Қазақстан құрамасының алғашқы минуттарда-ақ есеп ашуға мүмкіндігі болды. Әуелі Сергей Малый алаңнан қақпашыға қарай басымен әдемі соққы жасаса, Абат Айымбетов кезекті мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Оның соққысы қақпадан асып түсті. Содан кейін словакиялықтар ​​басымдықты қолға алып, Игорь Шацкий қорғайтын қақпаға қысым жасады. Қазақстан құрамасының қорғаушылары Словакия құрамасының соққыларын қайтарып, шабуылдарына төтеп берді. 19-минутта Рамазан Оразовтың да гол соғатын тамаша мүмкіндігі болды. Ал ойынның 26-минутында Эльхан Астановтың шығарған пасынан кейін Аслан Дарабаев допты қарсылас қақпасына дәл бағыттап, есеп ашты – 0:1. Бірінші тайм аяқталмай жатып словакиялықтардың ​​бірнеше мәрте есепті теңестіруге мүмкіндіктері болды. Бірақ Альмаши мен Руснактың жолы болмады.

Екінші кезеңде словакиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Біресе тепкен добы қақпа бағанына тисе, кейбір сәттерде Игорь Шацкий тамаша сейвтерімен көзге түсті. 77-минутта Алмаши есімді шабуылшы гол соғып еді, бірақ VAR жүйесінің арқасында есепке алынбады.

С лигасының үшінші тобында қазақстандық футболшылар 6 ұпаймен көш басында тұр. Одан кейінгі орындағы Словакияның 3 ұпайы болса, Беларусь пен Әзербайжанның бір-бірден ұпайы бар. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 маусымда сырт алаңда Беларусьқа қарсы өткізсе, одан кейін 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Ұлттар лигасы, С дивизионы, екінші тур

Словакия – Қазақстан – 0:1

Гол: Аслан Дарабаев, 26

Сары қағаздар: Владимир Вайсс 32, Юрай Куцка 39, Лукаш Гараслин 61, Ладислав Алмаси 83 – Тимур Досмағамбетов 29, Нұралы Әліп 37, Игорь Шацкий 73, Артур Шушеначев 74. Сергей Малый 86, Бағдат Қайыров 87

Словакия: Марек Родак (қ) – Юрай Чватал, Милан Шкриньяр (к) (Мартин Вальент 43), Норберт Гимбер, Мартин Косцельник (Давид Стрелец 83) – Станислав Лоботка, Юрай Куцка, Владимир Вайсс (Томаш Суслов 46), Иван Шварц (Лукаш Гараслин 46) – Альберт Руснак (Роберт Боженик 71), Ладислав Алмаси;

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 65) – Исламбек Қуат (к), Аслан Дарабаев (Самат Жарынбетов 73), Эльхан Астанов (Владислав Васильев 73), Рамазан Оразов (Ян Вороговский 59) – Абат Айымбетов (Артур Шушеначев 65);

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу