Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

2270

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді Фото: kazfootball.kz

Ұлттық құрама шабуылшысы Максим Самородов Солтүстік Ирландияға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында есеп ашты. Ол кездесудің 27-минутында алыстан соққы жасап, қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Осылайша ел құрамасы 12 ұпай жинап, H тобында 2-орынға тұрақтады. Қазір команданың қоржынында алты кездесуде төрт жеңіс бар. Қазақстандық футболшылар келесі кездесуін 15 қазанда Данияда өткізсе, 17-қазан күні Финляндияға қонаққа барады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың 2019 жылдың 24 наурызында өткен еуро іріктеуі ойынында жанкүйер болғанын еске салайық. Ресейге қарсы өткен аталмыш кездесуде Михал Билек шәкірттері 4:0 есебімен оңбай ұтылған болатын. Араға 4 жыл салып мемлекет басшысы бүгін ел құрамасына қолдау көрсету үшін "Астана Аренаға" арнайы келді.

Сонымен қатар танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияға қарсы кездесуін тамашалады.  

Айта кетейік, өткен турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиядан (0:1), ал Солтүстік Ирландия сырт алаңда Словениядан (2:4) ұтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу