6 ақпанда Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді. Салтанатты рәсімді Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" Олимпиадалық стадионында Balich Wonder Studio студиясы ұйымдастырмақ.
Алайда 6 ақпан тек стадиондағы әсерлі қойылыммен ғана шектелмейді. Футбол аңызы Джузеппе Меаццаның есімі берілген аренада өтетін салтанатпен қатар, Милан қаласының түкпір-түкпірінде және Милан-Кортина-2026 ойындары өтетін өзге де локацияларда сан алуан мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Миландағы басты салтанаттан бөлек, Олимпиада-2026 өтетін басқа қалаларда – Предаццо, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццода да ашылу рәсімдері мен спортшылар шеруі ұйымдастырылады. Бұл шаралар атлеттерге Миланнан тыс жерлерде де Олимпиада рухын сезінуге мүмкіндік береді.
Алғаш рет Олимпиада тарихында екі алау шырағы орнатылады. Бірінші алау Миланда, қаланың символына айналған Бейбітшілік аркасында жағылады. Екінші алау таулы аймақтағы Кортина-д’Ампеццо қаласының қақ ортасында, Пьяцца Дибона алаңында орналастырылады.
Қысқы ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпанда Қазақстан уақыты бойынша 23:50-де басталады. Шаңғы жарысы скиатлоннан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Дарья Ражко, Ксения Шалыгина сынға түседі. Сайыстар Қазақстан уақыты бойынша 17:00-де басталады. Ал 20:00-де 3000 метрге конькимен жүгіруде Надежда Морозова мен Елизавета Голубева сынға түседі.
8 ақпан 17:00-де шаңғы жарысының шеберлері Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкалов сынға түссе, 20:00-де биатлоннан аралас эстафетада Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Айша Рақышева, Милана Генева ел намысын қорғайды. Қалған спортшыларымыз 22 ақпанға дейін жарысқа түседі. Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін басқа да жарыстар кестесі алдағы уақытта қосымша жарияланады.
Қысқы ойындардың жабылу салтанаты 22 ақпан Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.