Қазақстан Универсиадада жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?

694

Қытайдың Чэнду қаласында өткен 2023 жылғы жазғы Универсиада ойындары мәресіне жетті.

Қазақстан Универсиадада жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?

Студенттік ойындардың қорытындысы бойынша Универсиада қожайындары 178 жүлде (103 алтын, 40 күміс және 35 қола) иеленіп, медальдық есепте бірінші орын иеленді. Екінші орын Жапонияға тиесілі – 93 (21-29-43). Ал Оңтүстік Корея – 58 (17-18-23) үздік үштік қатарын толықтырды.

Қазақстан құрамасы 20 медаль – екі "алтын", жеті күміс және 11 қоламен жалпы есепте 20-орынға тұрақтады. Қазақстан құрамасы сапында гимнаст Милад Карими мен таэквондошы Рита Бакишева "алтыннан" алқа тақты.

Карими мен оның әріптесі гимнаст Нариман Құрбанов, садақшы Диана Тұрсынбек, гимнаст Эльжана Таниева (екі рет), ерлер командасы (Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев, Никита Шахторин) және Чириюккин күміс жүлдегер атанды.

Қола жүлде Карими мен Таниеваға, таэквондодан ерлер командасы (Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қаблан, Бексұлтан Мұсахан және Шамсат Дүйсенов), 10 метрден мылтық атудан (Малиновский, Сәтбаев, Шахторин), қылышпен семсерлесуден (З. Назарбай Саттархан мен Артем Саргсян), дзюдодан Бекарыс Сәдуақас, Сұңғат Жұбатқан және Асқар Нарқұлов, жүзуден Әділбек Мусин, сондай-ақ ушудан Бексұлтан Қаскенов пен Әйгерім Төрехановаға бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу