Қазақстан ҰОК президенті ХОК-тың 125 жылдығына арналған шараларға қатысты

2300

ХОК-тың 125 жылдығын тойлау барысында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жаңа штаб-пәтері – Олимпиада үйінің ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан ҰОК президенті ХОК-тың 125 жылдығына арналған шараларға қатысты Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Лозаннада Халықаралық Олимпиада комитетінің 125 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан ҰОК басшысы The Golden Rings Awards жүлдесін салтанатты түрде табыстау рәсімінің құрметті қонағы атанды. Бұл ХОК-тың Олимпиаданың ойындарының көрсетілімі үшін табыстайтын ірі халықаралық жүлдесі.

ХОК-тың 125 жылдығын тойлау барысында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жаңа штаб-пәтері – Олимпиада үйінің ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

"Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық отбасының әрбір тарапымен әріптестік орнатуға үлкен күш салып отыр. ХОК 125 жыл бойы әлемнің әр түкпіріндегі спортшылардың, оның ішінде, болашағынан үміт күттіретін жас атлеттердің қарқын алуына бар жағдайды жасап келеді. Бізге ХОК-тың жаңа штаб-пәтерінің ашылу салтанатына қатысып, тарихи сәттің куәгері әрі қатысушысы болу бақыты бұйырды. Жаңа Олимпиада үйі біздің жаңа әлемді қалыптастырудағы талпынысымыздың бейнесі әрі ХОК-тың достық, ынтымақтастық және әділ ойын сынды негізгі қағидаларын сақтаудың үлгісі", - деді Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.

Ашылу салтанатына Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурер қатысты. Іс-шараға жалпы есебі 700-ден аса қонақ шақырылған. Олардың қатарында ХОК мүшелері, 206 ұлттық олимпиадалық комитет пен халықаралық спорттық федерациялардың президенті, сондай-ақ, атлеттер бар.
 

"Олимпиада үйі" әлемдегі "жасыл" ғимараттардың қатарына енді. Көптеген жаңа офистермен салыстырғанда мұнда су 60 пайызға, энергия 35 пайызға кем қолданылады. Құрылыс барысында ХОК-тың бұрынғы кеңсесіндегі материалдардың 95 пайызы қайта өңделіп, пайдаланылған. Сондай-ақ, қоқыстар да қайта өңдеуден өтті.

"Біз бұл жобаның құрылысын бастғағанда Олимпиада үйінің кеңсе ұғымынан да кең болғанын қаладық. Әрине, біз ХОК-тың барлық қызметкерлері мен олимпиадалық отбасыны бір шатырдың астына жинағымыз келді. Осы орайда, Олимпиада үйі біздің бірлігіміздің бейнесі іспетті. Сондай-ақ, біз Олимпиада үйі тұрақты даму, сенім және жастар секілді 2020 жылғы Олимпиаданың күн тәртібіндегі үш бағыттың басын қосқанын қаладық. Ғимарат біздің миссиямыз үшін маңызды үш элементтің белгісі. Менің құрметті достарым мен әріптестеріме, ХОК мүшелеріне, 206 ұлттық олимпиадалық комитет пен халықаралық спорттық федерацияларға: "Үйге қош келдіңіздер" дегім келеді", - деді ХОК президенті Томас Бах.
 

ХОК-тың жаңа ғимараты ғаламдық олимпиадалық қозғалыс өкілдерінің кездесетін орны болмақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу