Қазақстан ураны Финляндияға тасымалдануы мүмкін

325

Қазақстан халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға мүдделі. 

Қазақстан ураны Финляндияға тасымалдануы мүмкін Фото: Anadolu Agency

Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Финляндиядағы атом электр станцияларына қазақстандық уран жеткізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бүгін финдік әріптестерімізбен қол қойылатын құжаттардың негізгі мәні осында. Бұған дейін біз ұсынған болатынбыз, олар жоғары қызығушылық танытқан. Бұл сапар жеткізілім мүмкіндіктері мен көлеміне қатысты келіссөздер жүргізуге тамаша мүмкіндік болып есептеледі", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кету керек, бұған дейін "Ақорда" резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өткенін жазғанбыз.Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббпен келіссөз жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу