Қазақстан волейбол құрамасы Ұлттар кубогына қатысады

100

Турнир 20 маусымда басталып, 28 маусымға дейін жалғасады. 

Қазақстан волейбол құрамасы Ұлттар кубогына қатысады Фото: ҰОК

Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Үндістанда өтетін AVC Ұлттар кубогына қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Бұл топта Бахрейн, Аустралия, Үндістан, Тайбэй және Жаңа Зеландия құрамалары да өнер көрсетеді.

Турнир 20 маусымда басталып, 28 маусымға дейін жалғасады. Қазақстандық волейболшылар алғашқы ойынын Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы төртінші орын алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу