Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы – 382 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артық.
Статистикаға сүйенсек, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарындағы тұрғындардың айлық табысы жоғары. Алғашқы бестікке Астана мен Алматы да кіріп отыр.
Ал Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жалақы мөлшері төмен.
Америка валютасына айырбастасақ, біздің орташа жалақымыз 673 долларға тең. ТМД елдерінің ішінде біз Ресейден (2,2 мың доллар) кейінгі екінші орындамыз.
Рейтингте бізден төмен Түркіменстан (654 доллар), Беларусь (621 доллар), Армения (541 доллар), Әзербайжан (494 доллар), Өзбекстан (351 доллар), Қырғызстан (228 доллар) және Тәжікстан (169 доллар) жайғасқан.
Ал дүние жүзінде ең жоғары жалақы Швейцарияда тіркелді – 8,1 мың доллар.
Алғашқы үштікте Люксембург пен АҚШ тұр. Ең төменгі жалақы Лесотода (24 доллар), Анголада (27 доллар) және Малавиде (31 доллар) тіркеліп отыр.