Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет үздік бестікке енді

149

Бұл жолы көрсеткішін едәуір жақсартып отыр.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет үздік бестікке енді Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сергей Квактың шәкірттері бесінші орын үшін бәсекеде Франция құрамасымен кездесті. Топтық бәсекеде қазақстандықтар франциялықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Екінші бәсекеде Заңғар Нұрланұлы Муаз Куамеге есе жіберді – 1:6, 2:6.

Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай – Даниэль Тазабеков Муаз Куаме – Даниэль Жадты тізе бүктірді – 6:3, 1:6, 10:5.

Өткен жылы командалық әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-орынға іліккен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу