Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем Кубогында алтын жүлде жеңіп алды

317

Манамада (Бахрейн) шпагашыларымыз – Ғабидин Мұстафин, Нұржан Әбжанов, Кирилл Проходов және Алексей Касаткин жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының жеңімпаздары атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем Кубогында алтын жүлде жеңіп алды Фото: kazakhstan_fencing

Соңғы екі жылда олар осы турнирде күміс жүлде иеленген еді. Ал, 2025 жылы тарихи алтынды жеңіп алды!

1/8 финалда жігіттер Үндістан құрамасын (45:35), 1/4 финалда Сауд Арабиясын (45:36), ал жартылай финалда Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата ұтты. Финалда біздің команда Франция құрамасымен кездесіп, тартысты күресте 44:43 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ күні кеше тағы бір спортшымыз Исабекова Диляра семсерлесуден Еуропа Кубогының U23 күміс жүлдегері атанды.

Софияда (Болгария) өткен U23 Еуропа Кубогына Еуропаның 60-тан астам үздік спортшысы қатысты. Ал қазақстандық спортшы халықаралық аренада өзін лайықты деңгейде көрсете білді. Диляра іріктеу кезеңін сәтті өтіп, 5 жеңіске жетіп, тек бір мәрте ғана жеңіліс тапты.  

Ол 1/16 финалға өту үшін Витлиемова Викторияны 15/11 есебімен, 1/8-ге өту үшін Иванова Белославаны 15/11 есебімен ұтты. 1/4 финалға өту үшін Вальверде Мате Инесті 15:14 есебімен, жартылай финалда Бечунова Каролинаны 15/11 есебімен жеңді.

Финалда италиялық спортшы Фусетти Бенедеттамен кездесті. Алайда, табанды қарсыластыққа қарамастан, Диляра алтын медальға қол жеткізе алмай, сайысты екінші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу