Қазақстан жастары Данияға есе жіберді

334

Хоккейден Қазақстан U18 құрамасы үшінші турда даниялық құрдастарына 2:5 есебімен жол берді.

Қазақстан жастары Данияға есе жіберді Фото: ҚХФ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизионында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші матчында Дания құрамасымен кездесті. 

Екінші кезеңде қарсылас екі рет алға шықса да, біздің хоккейшілер есепті екі рет теңестіре алды. Алайда, үшінші кезеңде даниялық хоккейшілер қақпамызға үш бірдей жауапсыз шайба соғып, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Шайбалардың авторлары Аристарх Киреев пен Әлішер Саркенов. Екеуі де "Барыстың" жастар командасы – "Снежные Барсы" сапында өнер көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандықтар Словениядан буллит сериясында жеңілген болатын (2:3Б), ал Венгрияны ірі есеппен ұтты (4:0).

Элиталық дивизионға шығу үшін тек бірінші орын иелену қажет. Турнир кестесінде үш ойында негізгі уақытта жеңіске жеткен Дания көш бастап тұр. 4 ұпай жинаған Қазақстан 4-орында келеді және жоғары дивизионға көтерілу мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстан U18 – Дания U18

0:1 – 20:36 – Рот (Грин, Якобсен)
1:1 – 22:28 – Киреев (Саркенов, Бақыт) ГБ
1:2 – 28:08 – Ларсен (Рот, Фабер)
2:2 – 32:01 – Саркенов (Мақыш, Нұржанов)
2:3 – 43:16 – Ларсен (Рот)
2:4 – 49:46 – Бунгаард (Кливо, Гроссман)
2:5 – 59:00 – Бунгаард (Рот)

Қақпашылар: Алпысбаев – Уайлде

Сергей Старыгиннің шәкірттері келесі кездесуін бүгін, 24 сәуір күні Аустрия құрамасына қарсы өткізеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 19:00-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу