Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 турниріне жолдама беретін элиталық іріктеу кезеңін бастайды. Команда бұл кезеңдегі ойындарын Румынияда өткізеді.
Бүгін, 25 наурызда, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Румыниямен кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Элиталық раундта қазақстандық жасөспірімдерді мықты қарсыластар күтіп тұр. Топта Румыния мен Украина құрамалары бар. Бұл командалардың екеуі де іріктеудің алдыңғы кезеңінде өз топтарында бірінші орын алған.
Айта кетейік, элиталық кезеңде 7 топ бар. Әр топтың жеңімпазы ғана Еуро-2026 турнирінің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Турнир 28 маусым мен 11 шілде аралығында Уэльсте өтеді.
Қазақстан U19 құрамасын бас бапкер Сергей Лабодовский жаттықтырады. Ол "Қайрат" клубы жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеп, академиядан бастап негізгі командаға дейінгі деңгейлерде тәжірибе жинақтаған маман.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу