Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

1574

Биыл Теннистен жасөспірімдер арасында өтетін басты жарыстың басталуына санаулы күндер қалды.

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық турнирі (2022 ITF World Junior Tennis Finals) Чехияның Простеёв қаласында 1-6 тамыз аралығында өтеді. Аталған турнирде ұлдар мен қыздар арасында 16 команда қатысады. Қазақстан құрамасы үшін бұл осы деңгейдегі алғашқы жарыс болмақ. Команда капитаны Сергей Квак. Сондай-ақ ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды.

Заңғар Нұрланұлы 2008 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Қазақстандық жарыстарда Түркістан облысының атынан өнер көрсетеді. Тенниспен 4 жасынан бастап Алматыда айналыса бастады. Алғашқы жаттықтырушысы Қайрат Көшеров болды. Қазіргі уақытта ол Братиславада тұрады және Love4Tennis – Доминика Цибулкова академиясында жаттығады.

Дамир Жалғасбай 2008 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. Тенниспен 4 жасында Алматының ЦСКА корттарында айналыса бастады. Алғашқы жаттықтырушысы Юрий Карлов болды. Қазір ол Team Kazakhstan академиясында Алексей Филатовтың жетекшілігімен жаттығады.

Ал Даниэль Тазабеков 2008 жылы тамыздың бірінде дүниеге келген. Тенниспен 6 жасынан айналысады. Алғашқы бапкері Владимир Оганян (СТК). Қазіргі уақытта турнирлер арасында ол Белградта тұрады және Велько Баряктаровичтің жетекшілігімен "Стари Кошутняк" теннис кортында жаттығады.

Аталған спортшылардың барлығы тәжірибелі және әлем чемпионатында жүлдегер атанады деген ниеттеміз.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу