Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында Словенияны тізе бүктірді

208

Хоккейшілеріміз әзірге өз тобында 2-орында келеді. 

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында Словенияны тізе бүктірді Фото: ҚХФ

Қазақстан жастар құрамасы хоккейден бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Украинаға овертаймда 1:2 есебімен жол берген еді. Ал сейсенбіге қараған түні турнир қожайындары Словенияны буллиттер сериясында 5:4 есебімен жеңді.

Матч барысында қазақстандықтар 0:2, 1:3 және 2:4 есебімен жеңіліп жатып, соңғы ысқырыққа 7 минут қалғанда есепті теңестіріп кетті.

Турнир қорытындысы бойынша тек жеңімпаз команда жоғары дивизионға жолдама алады. Екі турдан кейін Аустрия негізгі уақытта екі жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр. Қазақстан құрамасы – 4-орында.

10 желтоқсан күні Қазақстан құрамасы екі алғашқы матчында жеңілген Франция командасымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Франция, Аустрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бірге топ-дивизионға жолдама үшін сынға түсуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу