Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан басым түсті

699

2025 жылы өтетін футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Шотландия құрамалары кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан басым түсті Фото: Чемпионат

Есепті 30-минутта Айбар Абдулла ашты. Бірінші кезең жалғыз голмен аяқталды.

Екінші таймда Леннон Миллер гол соғып, есепті теңестірді. Кейін Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, ойыннан қуылды.

Пенальти голын Әділбек Жұмаханов соқты. Ян Труфанов үшінші голдың авторы атанды. Алайда ойын аяқталмай тұрып қарсылас командадан Жереми Мюллен гол соғып кетті. 

Осылайша, ойын 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. 

Айта кетейік, Қазақстан іріктеу кезеңінде жалпы тоғыз ұпай еншілеп, В тобын бесінші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу